Главная Новости ҚБМ: БАҚ қызметкерлеріне құрмет
26 маусым 2024, 14:34 347

ҚБМ: БАҚ қызметкерлеріне құрмет

ҚБМ: БАҚ қызметкерлеріне құрмет

28 маусым күні елімізде Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні аталып өтеді. Осыған орай «Қаражанбасмұнай» АҚ Басқармасы өңірдегі бір топ журналиспен кездесіп, облыстың тыныс-тіршілігінен хабар тарататын тілшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады.

Кездесу барысында ҚБМ Бас директоры Марат Елеусінов компанияда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, өндіріс өмірі мен мұнайшылар қызметі туралы мақала жазып, сюжет түсіріп, бағдарлама арнауға атсалысып жүрген төртінші билік өкілдеріне алғыс білдірді.

«Журналистика – халықпен бірге тыныстайтын, шығармашылық пен кәсіби міндеттерді тең ұстанатын қиын да қызықты сала. Сіздер арқылы халық кез келген оқиғаданресми ақпарат алып, дәйекті деректермен танысады. Жер қойнауынан қара алтын игеретін қызметкерлеріміз бен компаниямызға ақпараттық қолдау көрсетіп келе жатқаныңыз үшін рақмет!Кәсіби мерекеде жаңа идея, шалқар шабыт пен қызметіңізге толағай табыс тілейміз», - деді Марат Елеусінов.

Марапат иелері компания басшылығына риясыз рақмет айтып, қара алтын игерушілердің қызметіне сәттілік тіледі. Өз кезегінде ҚБМ Басқармасы биыл Қаражанбастан алғаш мұнай бұрқағы атқылағанына 50 жыл толғанын атап өтіп, журналистерді мерейлі мерекеге орай жоспарланған шаралардан ақпарат таратуда бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: