Главная Новости ҚБМ бас директорының жаңа орынбасары тағайындалды
20 ақпан 2023, 16:00 1528

ҚБМ бас директорының жаңа орынбасары тағайындалды

ҚБМ бас директорының жаңа орынбасары тағайындалды

«Қаражанбасмұнай» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен жаңа құрылымдағы өзгерістерге сәйкес, Бас директордың Геология және игеру жөніндегі орынбасары лауазымы енгізілді. Аталмыш лауазымға Директорлар кеңесінің шешімімен 2023 жылдың 20 ақпанынан бастап Мейірімбек Көлдей тағайындалды.

Ол 1988 жылы 10 желтоқсанда дүниеге келген. И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің «Мұнай және газ геологиясы, тау-кен инженері» мамандығын бітірген. «Операциялық менеджмент» мамандығы бойынша РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы, бизнес және іскерлік әкімшілік институтының іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесіне ие.

Еңбек жолын 2010 жылы «Торғай Петролиум» АҚ инженер-геофизигі болып бастаған. Әр жылдары «ҚазМұнайГаз»БӨ» АҚ аға инженері, жетекші инженер, «ҚазМұнайГаз»өндіру және бұрғылау технологиялары ҒЗИ» ЖШС барлау жобасының бас маманы, қорларды есептеу және ресурстарды бағалау департаменті директоры қызметтерін атқарды. «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» ЖШС модельдеу және игеру мониторингі жөніндегі Басқарушы директоры, «Қазгермұнай» БК» ЖШС-да Бас директордың геология және игеру жөніндегі орынбасары/бас геологы болып жұмыс істеді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: