Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ Басқармасы самбодан Азия чемпионатында жүлдегер атанған Сәндібек Дүйсенбековті қабылдады. Бас директор Нұрсейіт Союнов Азия елдері арасындағы байрақты бәсекеде компания абыройын асқақтатқан жұмысшыларды жүлдесімен құттықтап, алдағы жарыстарға сәттілік пен жеңіс тіледі.
«Бұл жетістік – өндірістегі қызметті спортпен сәтті ұштастырғанның жемісі. Мұнайшыларымыздың салауатты өмір салтын ұстанып қана қоймай, кәсіби деңгейдегі додаларда жеңіс тұғырынан көрінуі біз үшін зор құрмет. Алдағы уақытта да қоржынымыз алтын медальдармен толығатынына кәміл сенемін», – деп атап өтті басшылық.
Естеріңізге сала кетейік, қаражанбастық қос мұнайшы - бұрғылау және ұңғымаларды жерасты күрделі жөндеу департаментінің шебері Сәндібек Дүйсенбеков пен технологиялық көлік департаментінің цементтеуші агрегат моторисі Бауыржан Есболаев Астанада өткен чемпионатта қола және күміс медаль жеңіп алды. Өз кезегінде олар мұнайшыларға қолдау көрсеткен ҚБМ Басқармасына Маңғыстау облыстық самбо федерациясы атынан алғыс хат табыс етті.
«Біз үшін ұжымның қолдауы ерекше маңызды. Бұл жеңіске жетуге күш-жігер береді. Қаражанбастың атын ауқымды жарыстарда қорғау біз үшін үлкен мәртебе», – деді Сәндібек Дүйсенбеков.
Мұнайшы-балуандар күзде өтетін Әлем чемпионатына жолдама алып, дайындықты бастап кетті. Осылайша олар көп жылдық тәжірибе мен жеңіске деген талпыныс арқасында қазақстандық мұнайшылар мықтылығын тағы дәлелдеді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
107
19 декабря 12:35
Асылбек Найманов: вклад в работу ТОО «Karabatan Utility Solutions»