Главная Новости ҚБМ басқармасы «Үздік маман-2022» жеңімпаздарымен кездесті
11 қазан 2022, 09:10 1098

ҚБМ басқармасы «Үздік маман-2022» жеңімпаздарымен кездесті

ҚБМ басқармасы «Үздік маман-2022» жеңімпаздарымен кездесті

«Қаражанбасмұнай» АҚ Басқармасы «Үздік маман-2022» кәсіби шеберлік байқауында топ жарған жұмысшыларды қабылдады. Жиналысқа өндірістік басқарма басшылығы мен жарыстан соң вахта ауысымына кеткен қатысушылар бейнеконференция арқылы қосылды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобы арасындағы бәсеке Қызылордада өтті. ҚБМ мұнайшылары 13 аталым бойынша қатысып, төрт бірінші және екі үшінші орынға ие болды. Алғаш боп сөз алған Бас директордың бірінші орынбасары Қуанышбай Нұрғалиев аталмыш жеңіс ҚБМ мұнайшыларының кәсіби біліктілігін айқындайтынын алға тартып, шашасына шаң жұқтырмаған жүйріктерге ақжарма тілегі мен алғыс білдірді.

«Сіздер өз кәсіби шеберлігіңізді көрсетіп, жеңіске сенімді қадам жасадыңыздар. Бүкіл ұжым атынан осынау нәтижемен құттықтаймыз және жоғары өндірістік көрсеткіштерге жетуді тілейміз», – деді басшылық.

«Үздік мамандар» Басқармаға жарыстың ауыспалы кубогын табыс етті. Ереже бойынша келесі жылғы сайыс жеңімпаз компанияның өндіріс алаңдарында өтеді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: