Главная Новости ҚБМ Басқармасы: Зауытты іске қосуға бір қадам қалды
08 маусым 2022, 09:03 1206

ҚБМ Басқармасы: Зауытты іске қосуға бір қадам қалды

ҚБМ Басқармасы: Зауытты іске қосуға бір қадам қалды

«Қаражанбасмұнай» АҚ Бас директоры Ли Тецян және Бас директордың бірінші орынбасары Қуанышбай Нұрғалиев кестеге сәйкес қабат суын тұшыту зауытына жоспарлы тексеруге барды. Нысанға Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі Сейітжан Ниязов та келіп, іске қосу жұмыстарының барысы және алдағы жоспарлармен танысты.

Қазіргі жұмыс жағдайын тексергеннен кейін жиналыс өтіп, жұмыс топтары нысандар бойынша есеп берді. Сондай-ақ, кейбір мәселелерді шешу жолдары талқыланды. Жиналыс барысында ҚБМ басшылығы біріншіден, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау компания үшін маңызды болып қала беретінін айтты. ҚБМ Басқармасы өз тарапынан жан-жақты қолдау көрсете отырып, жұмыс сәтті аяқталғанға дейін жағдай жасауды жалғастырады.

«Зауытты іске қосуға бір қадам қалды, сондықтан барлық мүмкіндіктерді, күш пен ресурстарды жұдырықтай жұмылып пайдалану қажет», – деп атап өтті ҚБМ Басқармасы.

Қазір зауытта қалдық және тұшытылған суға арналған жұқа сүзгілер, сондай-ақ сорап жабдықтарын сынауға арналған басқа да резервуарлар толтырылуда. Бұл ретте мамандар процесті автоматтандыру жүйесін бағдарламалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Атқарылған жұмыстарлы көрген облыс басшысының кеңесшісі бұл зауыттың компания үшін де, жалпы облыс тұрғындары үшін де стратегиялық маңыздылығына тоқталды.

«ҚСТЗ – Қазақстанда баламасы жоқ, бірден бірнеше мәселені шешетін бірегей өндіріс. Біріншіден, кен орнын сумен қамтамасыз ету жағынан өзін-өзі қамтамасыз етсе, екіншіден, облыс қажеттілігіне ауыз су көлемін босатады. Нысандарда жұмыс қарқынды жүргізіліп жатқанына көзім жетті. Ең бастысы, зауыттың жоғары сапасын және жоспарланған іске қосылу мерзімін сақтай отырып, ортақ күш-жігермен мәреге жету қажет», – деді Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі Сейітжан Ниязов.

Жиналысты қорытындылай келе, ҚБМ Басқармасы жобаға қатысушылардың әрқайсысының жеке жауапкершілігін көрсете отырып, жұмыс топтарына бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: