Главная Новости ҚБМ басшылығы жастармен жүздесті
02 шілде 2024, 16:20 204

ҚБМ басшылығы жастармен жүздесті

ҚБМ басшылығы жастармен жүздесті

«Қаражанбасмұнай» АҚ Басшылығы мен «Жас маман кеңесі» мүшелері «Speak Up» форматында кездесу өткізді. Еркін пікір алмасу басқосуында өндіріс бойынша басшылар мен жұмысшылар компанияның стратегиялық даму бағытындағы тақырыптарды талқылады. Жиналысқа қатысушылар аталмыш бағытта қандай мәселелер бар екеніне тоқталып, шешу жолдары мен жоспарын қарастырды.

Өндірісті өркендету арқылы ел экономикасын алға сүйреу - әр мұнайшының басты міндеті. ҚБМ-ның білімді де тәжірибелі жас мамандары негізгі қызметінен бөлек, білімін шыңдап, ғылыми жұмыстар жазу және зерттеу жүргізумен айналысады. Соның нәтижесінде жұмысшылар басшылыққа өндірісті оңтайландыру, күрделі процестерді тиімді жүргізу бойынша жобаларын ұсынды. Мұнайшылар жұмыс процесін сауатты жүргізу – сапаны жақсарту кепілі екенін ерекше атап өтті.

«Кездесу форматы еркін болғанымен өзекті тақырыптар талқыланып, салмақты мәселелер көтерілді. Осы орайда басшыларымыздың жас мамандардың пікірін тыңдап,бастамаларының орындалуына қолдау көрсеткені үшін алғысымыз шексіз. Біз сала ардагерлері саған сара жолмен қазыналы Қаражанбасты дамытуға жауапты буынбыз. Жас мамандар алған білімі мен тәжірибесін кен орнын дамытуға арнауға әрқашан дайын», – деді ЖМК төрағасы Айбек Ұлықпанов.

Кездесу барысында жас мамандар компания басшылығына сұрақтар қойып, толғандырған мәселелерін шешу бойынша нақты ұсыныстарын жеткізді. Басшылар да жас мамандардың пікірін тыңдап, жобаларына оң баға берді. ҚБМ Басқармасы жұмыс жүргізу кезінде ашықтық саясатын берік ұстанады. Жастар мен басшылар арасындағы нық байланыс арқасында әлі де тың жобаларды қолға алу жоспарланып отыр.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: