Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қаражанбастың №3 мұнай өндіру цехы (МӨЦ) жұмысшылары арасында «Ынтымақ – достық бастауы» ұранымен волейбол сайысы өтті. Цехішілік жарысқа ІІ вахтаның бригадалары ұйымшылдықпен қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Жеңіске жету – мықты дайындықты талап етеді. Сондықтан қатысушылар шапшаңдық пен қырағылық, тың техника мен үздік әдістерді талап ететін волейбол ережелерін жетік меңгерген. Мұнайшылардың тактикалық қимыл-қозғалысы мен сәтті соққылары кәсіби волейболшылар ойынынан кем түспеді.
«Біздің негізгі мақсатымыз – ұжым бірлігін нығайтып, жұмыстан тыс уақытта да қарым-қатынасты дамыту. Алайда жарыс болғаннан кейін әр команда жеңіске жетуді қалайды. Өзге бригадалардағы әріптестеріміздің ойынын көріп, таңдай қақтық. Кіл мықтылар жиналған №3 МӨЦ жұмысшыларының ынтымағы арта берсін», – деді жұмысшылар.
Тартысты жарыс нәтижесі бойынша, 30А Топтық өлшеу қондырғысы (ТӨҚ) ұжымы үшінші, 30Б ТӨҚ қызметкерлері екінші орын қанжығалады. Ал үздік ойынымен алға шыққан 30 ТӨҚ командасы жарыс жеңімпазы атанды.