Главная Новости ҚБМ дефектоскопистері республикалық додада бақ сынады
30 қаңтар 2025, 16:40 1123

ҚБМ дефектоскопистері республикалық додада бақ сынады

ҚБМ дефектоскопистері республикалық додада бақ сынады

«Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлері елордада өткен «Қазақстан Республикасының үздік дефектоскописі» байқауында бақ сынады. Сайыста еліміздің түкпір-түкпірінен сапаны бақылау саласындағы 60-тан астам мықты маман бас қосты.

Кәсіби стандарттарды қолдау, мамандар құзыретін дамытумен өндірістік объектілердегі қауіпсіздікті арттыруға бағытталған жарысқа ГОСТ ISO/IEC 17024 және ҚР СТ ISO9712 стандарттарына сәйкес визуалды-өлшеу және ультрадыбыстық бақылау әдістері бойынша I, II, III деңгейлі мамандар қатысты.

ҚБМ намысын дефектоскопия зертханасының магниттік және ультра-дыбыстық бақылау дефектоскопистері Қайрат Ізов, Елеусін Көшбаев пен Дәурен Айтмағамбетов қорғады.

Еңбек өтілі 3 жылға дейін, 3 және 5 жылдан жоғары үміткерлер алдымен тест тапсырып, жоғары ұпай жинаған қатысушылар келесі кезеңге шақырту алды. Екі күндік жарыста олар технологиялық жабдықтармен жұмыс істеу шеберлігін паш етіп, қысқа уақыт ішінде күрделі тапсырмаларды сапалы орындауға тырысты.

Мамандықтың маңыздылығы мен сапа стандарттарын арттыруға арналған байқау дефектоскопистер үшін ең алдымен тәжірибе алмасу алаңы болды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: