Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ демеушілігімен Yessenov University базасында «Ұңғымаларды гидродинамикалық зерттеу» және «Бағдарламалық қамту» қос оқу зертханасы ашылды.
Салтанатты ашылу рәсіміне ҚБМ және білім ошағының басшылығы, ардагер мұнайшылар, оқытушылар мен студенттер қатысты. Алғаш болып сөз алған YU Президенті Берік Ахметов студенттердің сапалы білім алуына ауқымды үлес қосып, оқу зертханасының ашылуына демеушілік жасаған ҚБМ Басқармасына алғысын жеткізді. Одан соң Бас директор Нұрсейіт Союнов пен университет басшысы, ардегер мұнайшылар зертханалардың лентасын қиды.
«Біздің компания өңіріміздің маңдайалды оқу ордасымен 2020 жылы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында көптеген жобаларды жүзеге асырып келеді. Университет пен колледж студенттері кен орнында тәжірибеден өтіп, біздің жас мамандар болашақ мұнайшыларға дәріс оқып жүр. Сондай-ақ оқу ордасының материалдық-техникалық базасын жаңартуға демеушілік көмек бердік. Заманауи жабдықтармен қамтылған сужаңа қос зертхана да жастарымыздың сапалы білім алуына септігін тигізеді деген сенімдемін», – деді ҚБМ Бас директоры Нұрсейіт Союнов.

Қажетті заманауи техникалық жабдықтармен қамтылған оқу зертханалары студенттердің заманауи талапқа сай білім алып, ғылыми ізденістерін жүргізуге септігін тигізбек. Мысалы «Ұңғымаларды гидродинамикалық зерттеу» зертханасына «КАППА» динамикалық деректерді талдау бағдарламасы орнатылған. Ол арнайы пәндерді оқытуда, сондай-ақ магистрлік және докторлық диссертацияларды орындау кезінде кеңінен қолданылады.
Ал «Бағдарламалық қамту» зертханасы су тұшыту, мұнай-газ өндіру және теңіз экологиясы саласындағы мамандарды даярлауда оқытуды жетілдіру, жаңғырту және интернационалдандыру, жаңа геокеңістіктік технологияларды, үлкен деректер мен қашықтықтан зондтауды пайдалана отырып, қоршаған орта және мұнай-газ аймақтары саласындағы жаңа бакалавр, магистратура, докторантура деңгейлерінде нарық талаптарына және озық тәжірибеге сәйкес инновациялық үш деңгейлі білім беру бағдарламаларын әзірлеуге бағытталған.
«Біз теория мен тәжірибені қатар дамытып өз саламыздың білікті маманы атануды көздейміз. Жаңа зертханаларымыз жарық, кең, жайлы. Барлық қажетті жабдықтар бар. Қаражанбас мекемесіне алғысымыз шексіз! Білімімізді шыңдап, жетістіктерімізді еселейміз деген сенімдеміз», – дейді студенттер.

Ашылу салтанатынан соң білім алушылар ҚБМ басшылығымен жүздесті. Кездесуде Нұрсейіт Союнов еңбек жолы, өндірістегі қызметтің қызығы мен қиындығы, сондай-ақ университет пен компания арасындағы қарым-қатынас пен алдағы жоспарлар туралы айтты. Шара соңында YU Президенті Берік Ахметов университеттің дамуына қосқан үлесі үшін ҚБМ Бас директорына білім ошағының алтын естелік төсбелгісін табыс етті.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
138
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»