Главная Новости ҚБМ: Еңбек дауларын шешудің құқықтық мәселелері
10 қараша 2023, 10:00 1229

ҚБМ: Еңбек дауларын шешудің құқықтық мәселелері

ҚБМ: Еңбек дауларын шешудің құқықтық мәселелері

Қаражанбас мұнайшылары жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбек дауларын шешудің құқықтық мәселелері және сыни тұрғыдан ойлау бойынша білімін нығайтып жатыр. Екі күндік тренингте олар еңбек дауларының түпкі себебін анықтап, бітімге келу және туындаған сұрақтарды заң аясында шешу мәселелерін тереңінен талқылайды.

Оқыту сабақтарына барлығы 30-ға жуық жұмысшы, профкомдар мен цехкомдар қатысты. Мұнайшыларға білімді де тәжірибелі сапаршылар дәріс оқып, еңбек дауларын тиімді шешу стратегияларын таныстырды. Ал екінші күні қаражанбастықтар сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін шыңдайды. Тренинг барысында мұнайшылар миға шабуыл жасап, берілген ситуациялық тапсырмаларды жеке және топ болып орындады.

«Кез келген дау мақұлмен емес, ақылмен шешіледі. Қос тарап та қолданыстағы заңды жетік білуі тиіс. Әркім өз міндеттерін мінсіз орындаса түсініспеушілік туындамайды. Семинарда айтылған ақпараттарды көңілге түйіп, түрлі кейстерді талқыладық. Біз үшін пайдалы оқу болды»,- деді қатысушылар.

Тренингтен соң қатысушыларға оқуды сәтті аяқтағанын растайтын сертификаттар табыс етілді. Айта кетейік, аталмыш семинар келесі вахта жұмысшыларына да өткізіледі.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: