Главная Новости ҚБМ: Еңбек қауіпсіздігі – нәтижелі жұмыс кепілі
30 сәуір 2024, 15:01 388

ҚБМ: Еңбек қауіпсіздігі – нәтижелі жұмыс кепілі

ҚБМ: Еңбек қауіпсіздігі – нәтижелі жұмыс кепілі

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшылары құрметке бөленді. Атаулы күнде өндірістегіқауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету, жарақаттануды болдырмау, сондай-ақ еңбекті қорғау мәдениетін нығайтуға атсалысып жүрген бірқатар жұмысшы ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

ҚБМ-да жұмысшылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау басты құндылық саналады. Сондықтан бекітілген ережелерді қатаң ұстану - компаниядағы әрбір қызметкердің міндеті. Осы бағытта екі вахта бойынша нәтижелі еңбек етіп, ұжымға үлгі болып жүрген 15 цех басшысы, 25 шебер және цехішілік викториналарда жүзден жүйрік шыққан 380 мұнайшы арнайы сертификаттармен марапатталды.

Бұдан бөлек, ҚБМ Бас директоры Марат Елеусінов компанияның орталық кеңсесінде жұмысшылардың отбасы мүшелерін қабылдады. 2024-2027 жылдарға арналған өндірістік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғаушараларын жақсарту жөніндегі Жол картасының 14-тармағын орындау аясында жетістігімен көзге түскен мұнайшылардың ата-аналары мен жұбайларына алғыс хат табысталды.

Айта кетейік, Халықаралық еңбек ұйымының шешімімен 2024 жылғы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінің тақырыбы – климаттық өзгерістердің еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына әсері болып бекітілді. Алдағы уақытта осы тақырып аясында тың жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: