Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ қоршаған ортаны қорғау және жануарлар мен өсімдіктер әлемін аялауға бағытталған тың ғылыми зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр. Компания жобаны қаржыландыру үшін «Самғау» ҒТБО, сондай-ақ Қазақ мұнай және газ институты және «Азимут Энерджи Сервисез» АҚ-мен келісімге қол қойды.
Құжатқа сәйкес, ғалымдар алдағы уақытта көмірсутектерді жарылыс әдісінің көмегінсіз іздестірудің жолдарын зерттейді. Геологиялық барлаудың бұл әдісін қолданудағы басты мақсат -қоршаған ортаға залал келтірмеу. Арнайы жасалатын жарылыстардан бас тарту бұрын мамандардың немесе инфрақұрылымның жеткіліксіздігіне байланысты ғалымдар қол жеткізе алмаған аумақтарды барлауға мүмкіндік береді. Себебі мұнай кен орындарының басым бөлігі Каспий теңізіне жақын маңайда орналасқан. Сондықтан жаңа қазбаларды іздестіру үшін жерді жару тиімсіз, өйткені пайда болатын тербелістермен шу жергілікті флора мен фаунаға кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан арнайы құрылғының экологияға әсеріне талдау жүргізіледі. Жоба мерзімі 16 айға жоспарланған.
«Жоба экологияға зиян келтірместен барлау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді деп болжаймыз. Бұрын-соңды зерттеу жүргізілмеген Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі қорықтарда іздестіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік туып отыр. Бұған қоса зерттеу мерзімін және қаржылық шығынды арттырмауды ескеру шарт. Сондай-ақ компания жарылыс жұмыстарына тыйым салынған қолданыстағы кен орындарындағы көмірсутектің қалған қорларын біле алады», дейді «Қаражанбасмұнай» АҚ Бас директоры Марат Елеусінов.
Бүгінде әлемдегі ең тиімді геологиялық барлау әдістерінің бірі – электромагниттік толқындарды қолдану. Бұл жағалаудағы және өтпелі аймақтар, шөлдер мен сортаң топырақ сияқты күрделі жәнеэ кологиялық сезімтал аймақтарда жарылғыш заттарды қолданбай тиімді жұмыс істеугемүмкіндік береді.
Мұндай толқындарды қолданудың дәстүрлі әдістерге қарағанда бірқатар артықшылықтары бар. Біріншіден, олар қоршағанортаға кері әсерді азайтады. Бұл инфрақұрылымы дамыған аймақтарда және тұрғын үй аудандарына жақын жерлер үшін өте маңызды. Себебі жарылыстың әсері халыққа қауіп төндіріп, қирауға алып келуі мүмкін. Екіншіден, бұл әдіс таяз суда барлауға мүмкіндік береді.
Компания жоба табиғатқа зиян келтірместен жер қыртысының құрылымы мен көмірсутектің қалдық қорлары туралы нақты мәліметтер алуға мүмкіндік беретініне сенімді. Себебі жарылысты болдырмау әдістеріне көшу арқылы табиғи ресурстарды тұрақты және экологиялық тұрғыда қауіпсіз игеруге мүмкіндік молаяды.
Айта кетейік, биыл Қазақстан мұнайының 125 жылдығы қарсаңында Қаражанбас кен орнында алғашқы мұнай бұрқағының ашылғанына 50 жыл толды. Аталмыш жұмыстар нәтижесі кен орнының келешегі үшін өте маңызды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
142
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»