Главная Новости ҚБМ: Жас мамандар кеңесі жаңа қарқын алды
02 маусым 2023, 09:30 1148

ҚБМ: Жас мамандар кеңесі жаңа қарқын алды

ҚБМ: Жас мамандар кеңесі жаңа қарқын алды

Кәсіби шеберлік пен тәжірибені тең дамытып, өндірістің өрлеуіне үлес қосу - Қаражанбас жастарының басты ұстанымы. ІІ ауысымның вахтааралық демалыстағы «Жас мамандар кеңесі» мүшелері осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстарға шолу жасап, жаңадан сайланған төраға - Айбек Ұлықпановпен танысты.

Ашық диалог форматындағы кездесуге қатысушылар компаниядағы жастар саясаты бойынша өздерін толғандыратын мәселелерді ортаға салды. Ұсыныс-пікірлер толық тыңдалған соң, кеңес мүшелері бірігіп, алда атқарылатын жұмыстар жоспарын жасақтады. Онда тек компанияішілік емес, облыс тіпті республика көлеміндегі қоғамдық, мәдени, спорттық, қайырымдылық, экологиялық т.б. акцияларға қатысу мен ұйымдастыру көзделген.

«Қаражанбаста сегіз қырлы, талантты жастар өте көп. Өз азаматтық көзқарасымызды білдіре отырып, бұған дейін де талай игі істің жанынан табылып келеміз. Енді жаңа жоспармен жаңа асуларды бағындыруға жұмыстанамыз», – деді ЖМК төрағасы Айбек Ұлықпанов.

Кеңес қорытындысы бойынша жастар алдағы уақытта қос ауысым жұмысшыларының басын қосып, белсенді жұмыс істеуге, тың жобаларды жүйелі жүзеге асыруға уағдаласты.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: