Главная Новости ҚБМ жас мамандары қарттарға қуаныш сыйлады
12 сәуір 2024, 12:18 543

ҚБМ жас мамандары қарттарға қуаныш сыйлады

ҚБМ жас мамандары қарттарға қуаныш сыйлады

«Қаражанбасмұнай» АҚ «Жас маман кеңесі» мүшелері үшін жыл бойы қайырымдылық шараларын өткізіп, жақсылық жасау әдетке айналған. Бұл жолы мұнайшылар Ақтаудағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы ата-әжелерге концерттік бағдарлама ұсынып, рухани демалыс сыйлады.

Қасиетті Ораза айт күні жас мамандар қарияларды құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді. Одан соң талантты жұмысшылар кезекпен ән орындап, аспаптарда ойнау, поэзияны нақышына келтіріп оқу шеберлігін паш етті. Қаражанбастықтардың игі бастамасына өңірдегі өзге де мұнай компанияларының жұмысшылары мен мәдениет саласының мамандары қолдау көрсетіп, өнерін ортаға салды.

«Біз сіздерді үнемі назардан тыс қалдырмауға тырысып, ерекше қадірлеп, қолдап, жақсы көреміз. Сіздерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, құрмет көрсету біз үшін аса маңызды. Дендеріңіз сау, жандарыңыз қуатты болсын», - деді ҚБМ жастары.

Қариялар мұнайшылар қойған концертке балаша қуанып, ырғақты әндерге би билеп, көңіл сергітті. Жас мамандар шығармашылығына тәнті болған аталар мен әжелер өндіріс пен өнерді қатар алып жүрген жұмысшылардың алдағы бастамаларына сәттілік тілеп, ақ бата берді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: