Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қаражанбастың І вахта жұмысшылары арасындағы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ спартакиадасына іріктеу жарыстары мәреге жетті. Мұнайшылар жеке және топтық жарыстарда бақ сынап, келесі кезеңге жолдама алатын үміткерлерді анықтады.
Шахмат тақтасындағы тартыста Бұрғылау және ұңғымаларды жерасты күрделі жөндеу департаментінің (БжҰЖКЖД) аға шебері Көшербай Ізбасаров пен жылумен және сумен қамту цехының (ЖжСҚЦ) механигі Берік Төлеубай үздік атанды. Үстел теннисінен технологиялық көлік департаментінің (ТКД) шанақтарды рихтовкалаушысы Айдмохаммад Қазақ пен пайдалану жабдықтарын икемдеу-жөндеу цехының (ПЖИЖЦ) токарі Қазидулла Оразов алға шықты.
Тоғызқұмалақ бойынша №1 мұнай өндіру цехының (МӨЦ) операторы Найман Аминов пен геолог Әсет Нұралиев зияткерлік қабілетін паш етсе, ұлттық ойын асық атуда №1 және №2 МӨЦ операторлары Абай Қуанышбек пен Сымбат Орынбаев мергендігімен көзге түсті.

Қол күресте 80 келіге дейін білек күшін сынға салғандар арасынан ПЖИЖЦ электрогаздәнекерлеушісі Жанболат Закарин мен 80+ келі салмақта №1 МӨЦ операторы Бейбарыс Мүлкібаев топ жарды. Сондай-ақ арқан тарту, шағын футбол, волейбол, баскетбол, киберспорт бойынша құрама командалар қос вахта арасындағы тартысқа сақадай сай.
Келесі кезеңде екі вахтаның үздіктері кездеседі. Әр спорт түрінен жеңімпаз атанған қатысушы өңірдің өзге мұнай компанияларының жұмысшыларымен сайысқа түсуге жолдама алады.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
86
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
92
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы