Главная Новости ҚБМ кәсіподағы жұмысшыларды марапаттады
29 желтоқсан 2021, 10:40 1043

ҚБМ кәсіподағы жұмысшыларды марапаттады

ҚБМ кәсіподағы жұмысшыларды марапаттады

Қаражанбас кен орнында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жұмысшыларды марапаттау жалғасуда. Бұл жолы «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Айтбай Қужухов пен өндірістік басқарма басшылығы Кәрім Бозахаров мұнайшыларды құттықтап, мерекелік наградалар табыс етті.

Компанияның әлеуметтік-қоғамдық өміріне белсенді атсалысқаны және Кәсіподақты нығайтуға қосқан үлесі үшін 20-ға жуық жұмысшы «Салалық Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» медальдарымен, алғыс хаттармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды. Солардың бірі – 40 жылдық тәжірибесі бар Рүстем Мантаев. Мұнайшы қажырлы еңбегі мен компанияның дамуына қосқан үлесі үшін медальға ие болды.

«Осындай марапатқа ие болу мен үшін зор қуаныш. Біз алдағы уақытта да жүктелген барлық міндеттерді орындау үшін бар күш-жігерімізді жұмсайтынымызға сенімдімін», – деп атап өтті Бұрғылау және ұңғымаларды жерасты күрделі жөндеу бөлімінің инженері Рүстем Мантаев.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: