Главная Новости ҚБМ: Қауіпсіздік белдігі өміріңізді қорғайды
06 қыркүйек 2024, 17:41 665

ҚБМ: Қауіпсіздік белдігі өміріңізді қорғайды

ҚБМ: Қауіпсіздік белдігі өміріңізді қорғайды

«Самұрық-Қазына» АҚ және «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ 2024 жылға арналған Жол картасын және өндірістік қауіпсіздік жоспарын іске асыру аясында компаниялар тобы қызметкерлері арасында қауіпсіздік белдіктерін пайдалану және жол-көлік оқиғалары кезіндегі жарақаттарды азайтуға ерекше назар аударып отыр.

Осы мақсатта Қаражанбас жұмысшылары конвинсер-тренажерінің тәжірибелік көрсетіліміне қатысты. Алдымен қызметкер жүргізуші креслосына отырып, қауіпсіздік белдігін бекітті. Бұдан соң тренажер шамамен 10 км/сағ жылдамдықпен импровизацияланған кедергіге соқтығысты.

Тәжірибе арқылы қаражанбастықтар жол-көлік оқиғасы кезінде қауіпсіздік белдігін тағудың маңыздылығын түсініп, жолаушыларды қалай қорғайтынына көз жеткізіп қана қоймай, сезінуге де мүмкіндік алды.

Қызмет барысында қауіпсіздік ережелерін сақтамау адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, түрлі жазатайым оқиғаларға алып келуі мүмкін. Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етудің озық тәжірибелерін енгізу - оң нәтижеге жеткізеді. Айта кетейік, жұмыс орнындағы кәсіптік тәуекелдердің алдын алу және жою әрбір қызметкердің кәсіби және жекежауапкершілігі саналады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: