Главная Новости ҚБМ: Кайдзен – үздіксіз даму құпиясы
20 қазан 2023, 09:20 1811

ҚБМ: Кайдзен – үздіксіз даму құпиясы

ҚБМ: Кайдзен – үздіксіз даму құпиясы

«Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшылардың кәсіби біліктілігін арттырып, мамандардың бәсекеге қабілетті болуына ерекше назар аударады. Осыған орай құрылымдық бөлімшелер басшылары қызмет барысында стратегияны сәтті құру, жұмысты тиімді ұйымдастыру және уақытты ұтымды пайдалану бойынша білімін толықтырып жатыр.

Мұнайшыларға танымал тренер әрі сарапшы Құмар Мұсаев «Кайдзен негіздері» тақырыбы бойынша дәріс оқып, тың техникаларды түсіндірді. Тренинг барысында спикер ұжымдық жұмыс, моральдық рух, туындаған идеяларды сәтті жүзеге асыру тенденцияларын таныстырды. Екі күндік оқыту бағдарламасына сәйкес, департамент директорлары мен бөлім басшылары тәжірибелік тапсырмалар орындау арқылы тиянақтылық пен реттілікті сақтай отырып, оң нәтижеге төте жолмен жету құпияларын меңгерді.

«Бәріміздің мақсатымыз – компанияның алдағы жоспарларын сәтті орындап, көздегенімізге қол жеткізу үшін табысты еңбек ету. Осы жолда нақты қадамдар жасау мен нәтижеге жету бағытымыз айқындала түсті. Оқыту барысында әріптестермен пікір алмасып, ойларымызды ортаға салдық. Алған біліміміз тәжірибеде міндетті түрде кәдеге жарайтынына кәміл сенеміз», - деп атап өтті оқытуға қатысушылар.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: