Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ технологиялық көлік басқармасының №1 өндірістік база ардагерлері құрметті демалысқа шықты. №1 автотізбек ұжымы оларға Қаражанбастың көлік саласын дамытуға қосқан орасан зор үлесі үшін алғыс білдіріп, қалыптасқан игі дәстүр бойынша иықтарына шапан жапты.
Бақтыгерей Ізбасаров өмірінің 35 жылға созылған өнегелі еңбек жолын Қаражанбаспен байланыстырғанына еш өкінбейтінін айтады. Жеңіл көлік жүргізушісі кәсіби біліктілік пен адами құндылықтарды шебер ұштастырған жұмысшы. Ал, Ордабай Сейітов көлік саласына 27 жыл еңбек сіңірді. Көлікті құстай самғатып, жұмысшыларды діттеген жеріне тез әрі қауіпсіз жеткізетін жүргізуші вахта ауысымын жігерлі де жалынды жастарға қимастықпен тапсырды.
Аманжол Тәжиев пен Қозы Аманиязов та кен орны аумағын бес саусағындай білетін білікті жүргізушілер. Олар қызметтегі жиырма жылға жуық уақыт ішінде жеңіл көлікпен өндіріс алаңдарын күн сайын аралап, мұнайшыларды тасымалдаумен айналысты. Қос ардагер атқарған адал еңбегінің жемісін көріп, құрметті демалыс алдында ұжым ықыласына бөленгеніне дән риза.

«Көлік саласында қызмет ететін әр жүргізуші өзімен бірге жолаушылардың өмірі үшін жауапкершілік алады. Сондықтан жұмыс барысында шеберлік пен қырағылық аса қажет. Жүктелген кәсіби міндетті абыроймен атқарып, саланың сыйлы ардагері атану - әр маман үшін зор бақыт деп білеміз», - дейді олар.
Құрметті демалысқа шыққан көлік қызметкерлерін өмірдің жаңа, маңызды әрі қызыққа толы кезеңі күтіп тұр. Жалынды жылдарын өндіріс алаңында өткерген жұмысшылар енді қалған ғұмырын өздерінен тараған ұрпаққа арнамақ. Қаражанбасмұнайда өз кезегінде ардагерлерге үнемі қамқорлық танытып, назардан тыс қалдырмауға тырысады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
89
18 декабря 18:31
Госнаграды получили заслуженные работники АлЭС ко Дню энергетика