Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшылары энергетиктер күніне орай өткен волейбол жарысында чемпион атанды.
Сайысқа Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің әлеуметтік серіктес мекемелерінен 7 команда қатысты. Түрлі саланы серік еткен мамандар негізгі қызметіндегі кәсіби тәжірибесінен бөлек, спорттағы мүмкіндіктерін паш етіп, жеңіс тұғырынан көрінуге барын салды.
ҚБМ құрамасы алдымен Маңғыстау энергетикалық колледжімен сайысқа түсіп, ойынды жеңіспен бастады. Кейін МРЭК командасымен кездесіп, айқын басымдық көрсетті. Жартылай финалда азаматтарға арналған үкімет корпорациясының волейболшыларын жеңген мұнайшылар финалда тағы да колледж құрамасымен жүздесті. Бұл кезеңде де қаражанбастық жігіттер жеңіске деген ұмтылыс пен мықты дайындық арқасында чемпион атағына лайық екенін көрсетті.

Төрешілер шешімімен ҚБМ командасынан Пайдалану жабдықтарын икемдеу-жөндеу цехы жөндеу учаскесінің басшысы Бекзат Жайлаубаев «Үздік шабуылшы» атанды. Ал ұпай санымен басым түскен Қаражанбас волейболшыларына диплом, медальдар мен сыйлық сертификаты табыс етілді.
ҚБМ соңғы бірнеше жыл көлемінде Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжімен ынтымақтастық туралы меморандум аясында берік қарым-қатынаста жұмыс істеп келеді. Оқу орнының студенттері тәжірибеге бағытталған оқыту жобасы аясында Қаражанбас кен орнында өндіріске қажетті мамандықтар бойынша тәжірибеден өтіп жүр.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
56
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
62
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы