Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшылары Қаламқас кен орнының 45 жылдығына орай өткен шағын футбол турнирінде жеңімпаз атанды. Аяқдоп бәсекесіне өңірдегі өндірістік және сервистік мекемелердің 45 жастан асқан қызметкерлері қатысты. Мықты дайындықпен келген 8 команда әр матчта шеберлігін паш етіп, чемпион атануға барын салды.
Қаражанбас құрамасы үшін жарыс сәтті басталды. Алдымен «МаңғыстауЭнергоМұнай» кейін «Oil Construction Company» командаларымен кездескен біздің жігіттер 11:0 есебімен айқын басымдық көрсетті. Ал «ҚаламқасМұнайГаз» командасымен өткен ойын 4:4 есебімен аяқталды. Жартылай финалда «OilServiceCompany» құрамасын 5:1 етіп жеңген қаражанбастықтар финалда Қаламқас командасының қақпасына тағы 4 гол соқты. Осылайша жарқын жетістікпен көзге түскен ҚБМ құрамасы турнирдің бас жүлдесін қанжығаға байлады.
Бұдан бөлек, №3 мұнай өндіру цехының операторы Бауыржан Нұрманов «Үздік қақпашы», тиеу-түсіру жұмыстары учаскесінің жүк ілдірушісі Ермұхамед Балғабаев «Үздік қорғаушы», Бұрғылау және ұңғымаларды жерасты күрделі жөндеу департаментінің инженері Мақсат Изтаев «Үздік сұрмерген» атанды.

Бозашы даласындағы Қаражанбас пен Қаламқас кен орны Маңғыстау мұнайын игеру жолында жылдар бойы тәжірибе алмасып, бірлікте жұмыс істеп келеді. Ал осындай спорт бәсекелері мұнайшылардың қарым-қатынасын одан әрі нығайта түседі.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
68
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
77
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы