Главная Новости ҚБМ қызметкері Қытайда марапатталды
29 қаңтар 2024, 08:25 521

ҚБМ қызметкері Қытайда марапатталды

ҚБМ қызметкері Қытайда марапатталды

«Қаражанбасмұнай» АҚ Заң департаментінің директоры Алия Кощиева Қытайдың Шанхай қаласында құрметке бөленді. «CITIC Group» корпорациясының Директорлар Кеңесі Төрағасы Си Гохуа жылды қорытындылап, қызметте кәсіби жетістіктерімен көзге түскен мамандарды марапаттады.

«Жылдың үздік қызметкері» атағына корпорацияға қарасты компаниялардың 100 қызметкері лайық деп танылды. Олардың арасында қытайлық мамандармен қатар 10 шетелдік қызметкер бар. Директорлар Кеңесінің Төрағасы өз сөзінде «CITIC» ірі кешенді көпұлтты кәсіпорын ретінде әрдайым шетелдік бизнестің дамуына ерекше мән беретінін атап өтті. Сондай-ақ шетелдік персоналдар да өз салалары бойынша табанды еңбек ететініне сенім білдірді.

«CITIC Resourses» акционері ҚБМ атынан марапат алған Алия Кощиева компанияда 15 жылдан астам уақыттан бері еңбек етіп келеді. Осы уақыт ішінде ол компания ұжымының құқықтық мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосып келеді. Ол компанияның барлық заң талаптарын сақтауына кепіл болатын жоғары санатты кәсіби маман.

«Мен үшін бұл марапатты иелену ерекше жоғары құрмет. Бұл тек менің емес, тұтас ҚБМ-ның абыройы. Компаниямыздың құқықтық саясатын дамыту жолында әлі де талмай еңбек етуге дайынмын», - деді Алия Кощиева.

Айта кетейік, ҚБМ акционер «CITIC Resourses»-пен бірге 20 жылға жуық уақыттан бері берік қарым-қатынаста жұмыс істеп келеді. Ортақ мүдде – Қаражанбас кен орнын игеріп, Бозашы даласындағы өндірісті өркендету.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: