Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшылары Түпқараған ауданы тұрғындарын талантымен тамсандырды. Әлеуметтік саясат және мердігерлермен өзара іс-әрекет департаменті қызметкерлері аудандық мәдениет үйі сахнасында «Тасада өскен гүл» қойылымын сахналады.
Спектакльге аудан әкімі Рахат Елтизаров, өңірдегі желтоқсан оқиғасының қатысушылары мен Ақкетік тұрғындары қатысты. Бір сағаттан астам уақытқа созылған қойылымда адал достық, бақыт пен байлық, жауапсыз махаббат пен Отанға деген сүйіспеншілік сахналанды. Желтоқсан боздақтарын еске алып, олардың ерлік естеліктеріне тағзым жасалды.
«Қойылым кәсіби актерлер ойынынан кем түспеді. Мұнай саласында еңбек ете жүріп, шығармашылық қабілетін паш еткен қызметкерлерге ерекше тәнті болдық. Айтылған әр сөзден ой түйіп, патриоттық сезіміміз арта түсті. Тәуелсіздік – біздің басты байлығымыз екенін әрдайым естен шығармауымыз қажет», – деді түпқарағандық көрермендер.
Қойылымнан соң аудан әкімі тұрғындарға рухани демалыс сыйлаған ҚБМ қызметкерлеріне ерекше алғыс білдірді. Көрермендер де алған әсерімен бөлісіп, мұнайшылардың актерлік шеберлігіне жоғары баға берді. Айта кетейік, компания басшылығы Қаражанбас кен орнының Түпқараған ауданы аумағында орналасуын ескере отырып, әлеуметтік жобаларға көп көңіл бөледі және жергілікті атқарушы билікпен үнемі тығыз әрі белсенді жұмыс жүргізіп келеді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
138
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»