Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қаражанбаста 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай мұнайшы арулар арасында «Қазақша Quiz» зияткерлік ойыны өтті. Компания қызғалдақтары қызметтегі кәсіби қабілетінен бөлек, әртүрлі сала бойынша білімін сынға салып, ой жарыстырды.
7 кезеңнен тұратын ойынға өндірістік цехтардың үмітін арқалаған 6 қыз қатысты. Ойын ережесіне сәйкес, олар алдымен тест тапсырмаларын орындады. Одан соң жасырылған суреттер мен фильм атауларын тауып, викториналық сұрақтарға жауап берді. Осылайша өндірісте еңбек ететін нәзікжандылар мерекені ерекше форматта атап өтті.
«Бұл жай ғана ойын емес, мұнайшы қыздардың танымын кеңейтіп, жаңа идеялас достар тапқан шара болды. Аруларға көңіл бөліп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз», – деді қатысушылар.

Арулардың зияткерлік қабілеті паш етілген ойында ІІІ орын №1 мұнай өндіру цехының геологы Жанар Қалдыбаеваға бұйырды. ІІ орынға материалдық техникалық жабдықтау базасының қызметкері Әсемгүл Тұрақбаева лайық деп танылды. Ал жүйріктер ішінен дараланған МТЖБ тауартанушысы Айгерім Бопилова куиз жеңімпазы атанды. Мұнайшы қыздар мақтау қағаздарымен, сыйлық сертификаттарымен марапатталды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!