Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ Өндірістік Басқарма директоры Инь Цзяхун CITIC-тің 100 үздік маманы қатарынан көрінді. Қытай астанасы Бейжіңде «CITIC Group» корпорациясының 45 жылдығына орай Директорлар Кеңесі Төрағасы Си Гохуа жетістігімен көзге түскен қызметкерлерді марапаттады.
Инь Цзяхун еңбек жолын Қытайдағы Ляохе кен орнындағы мұнай газ өндіру басқармасының кіші инженері қызметінен бастады. 2007 жылы Қаражанбас кен орнына өндіру және өндіру технологиясы бойынша келген алғашқы қытайлық мамандардың бірі. Ол Қаражанбастағы өндірістің дамуына жаңа серпін беретін инновацияларды батыл енгізген геологиялық-техникалық топты басқарды. Бірлескен еңбек нәтижесінде бастапқы кездің өзінде 335 бу айдау ұңғымасы қазылып, жылдық көрсеткіш 1,32 миллион тоннаға жетті.
2018 жылы Ин Цзяхун «Қазақстандық мұнай компаниясының көрнекті геологы» атағына ие болды. Бұдан да басқа көптеген ірі жетістігімен дараланған ол қазір Өндірістік Басқарма директоры ретінде қызметін сәтті жалғастырып келеді. «CITIC-тің 100 үздік маманы» қатарына ену жолында оның атқарған еңбегі ұшан-теңіз.

«CITIC Group» корпорациясына қарасты «CITIC Resourses» 20 жылға жуық уақыттан бері ҚБМ акционері. Қос компания берік қарым-қатынас арқасында Қаражанбас кен орнындағы өндірісті өркендетуге бірлесе атсалысып келеді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
66
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
71
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы