Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қаражанбас мұнайшылары ұжымдық рухты нығайтып, салауатты өмір салтын сақтауға ерекше көңіл бөледі. Осы мақсатта қабат қысымын ұстау цехы жұмысшылары шағын футболдан турнир ұйымдастырып, тартысты бәсекенің мықты командасын анықтады.
Цехішілік жарыс кәсіби футболшылар ойынынан кем түспеді. Додаға операторлар, слесарьлар мен машинистер, шеберлер де мықты дайындықпен келген. Алдымен «4 бригада» және «5-7 бригада» командалары кездесіп, ерекше ойын өрнегін көрсетті. Турнир кестесіне сәйкес әр матч сайын бірлігі жарасқан бригадалардың жеңіске деген құлшынысы арта түсті. Ойыншыларға жанкүйерлер қолдауы жігер беріп, сәтті пастар жарқын голдармен жарасым тапты.

«Жұмыстан тыс уақытты тиімді өткізіп, спортпен шұғылдану арқылы әріптестер арасындағы бірлікті нығайттық. Осындай жарыстар арқасында ұжымдық қарым-қатынасымыз одан әрі дамып, беки түсетіні сөзсіз. Тек өзара емес, цехаралық, мекемеаралық додаларда топ жарып, жетістігімізді еселейік», – дейді жұмысшылар.
Қорытындыға сәйкес, «2-8 бригада» құрамасы төртінші сатыға тұрақтады. Ал «4 бригада» жігіттері үздік үштікті түйіндеді. Ерекше ойынымен көзге түскен «6 бригадаға» екінші орын бұйырды. Шашасына шаң жұқтырмаған «5-7 бригада» құрамасы жарыс жеңімпазы атанып, І орын иеленді. Жүлдегерлер мен жеңімпаздарға мақтау қағаздары, сыйлық сертификаттары табыс етілді.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
95
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
103
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы