Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Уақыт өткен сайын Қаражанбас даму қарқына қарқын қосып келеді. Қазір мұнда жұмыс технологиясы жоспарлы түрде жетілдіріліп, техника мен жабдықтар жаңартылып жатыр. Дегенмен, қара алтын өндірушелердің өз ісіне адалдығы сол қалпында сақталған. Кен орнының өндірістік өмірінде ерекше орын алатындардың бірі – бұрғышылар мен мұнай ұңғымаларын жөндеу топтары. Шеберлер, машинистер, бұрғышылар, бұрғышы көмекшілері және басқа да мамандар ұңғымалар қорын кеңейту үшін тәулік бойы еңбек етіп, олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.
№1 топ шебері Ізтөре Башимбаев өз ісінің кәсіби маманы. Ол өз бригадасымен бірге жұмыстың ұйымдастырылуын, жабдықтар мен қозғалтқыштардың қызметін бақылайды. Ізтөре алғашқы вахта ауысымына осыдан 15 жыл бұрын бұрғышы көмекшісі ретінде келген. Қазір ол жас буынға үлгі болатын өндіріс озатына айналды.
«Бұрғышылар «ауыр» мұнайдың әр тоннасының шынайы бағасын білетін мамандар. Сондықтан олар ұңғымаларды қазу мен жөндеу сияқты маңызды жұмыстарға ерекше жауапкершілікпен қарайды», – деп атап өтті шебер.

Бұрғылауда қандай қиындықтан болмасын қорықпайтын нағыз кәсіби мамандар еңбек етеді деп бекер айтылмаған. Ал жаңғыртылған техникалық базамен жұмыс істеу – көп шаруаны жеңілдетеді. Бірінші топ жұмысшылары жүк көтергіштігі 40 тонна болатын жаңа көтергіш қондырғымен жұмыс істей бастады. Айта кету керек, бұл бұрғылау және ұңғымаларды жер асты күрделі жөндеу басқармасында техниканы жаңарту бойынша жоспарлы жұмыстың басы ғана. Автопаркті жаңғырту келесі жылы да жалғасады.
«Бұрын біз үнемі жөндеуден өтетін ескі техникамен жұмыс істедік. Жақында компания басшылығы бізге жаңа көтергіштің кілтін тапсырды. Енді жұмысымыз әлдеқайда жеңілдей түспек. Біздің бөлімшеге көңіл бөлінгеніне өте қуаныштымыз. Арнайы техниканы жаңарту – еңбек өнімділігін арттыруға тікелей әсер етеді деп ойлаймын», – деді Ізтөре Башимбаев.
Заманауи жоғары технологиялық кен орны – бұл бірнеше буын мұнайшылардың еңбегі мен көпжылдық дәстүрлерді сақтаудың, терең білімді пайдалану нәтижесі. Сондықтан, БжҰЖКЖБ топтары өз қызметтерін әрі қарай да бар ыждағаттылығымен атқара бермек.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
60
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
63
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы