Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшылары Yessenov University ұстаздарымен тәжірибе бөлісті. Ұңғымаларды ғылыми зерттеу және өндірістік жұмыстар цехының қызметкерлері болашақ мамандарға дәріс беретін қос оқытушыға кен орнын игеруде кеңінен қолданылатын «КАППА Сапфир» бағдарламасы жұмысын толық таныстырды.
Кен орнында аталмыш бағдарлама соңғы жылдары қолданысқа енді. Ол арқылы ҰҒЗӨЖЦ инженерлері күн сайын зерттеу жүргізіп, ұңғымалардағы қысым, температура, сұйықтық деңгейі, дебит және т.б. көрсеткіштерді өлшейді. Сондай-ақ мұнай, су, газ және газ конденсаты сынамасын алып, түрлі іс-шараларды жүзеге асырып келеді.
«Қаражанбас мұнайшылары үнемі кәсіби біліктілігін арттырып отырады. Жинаған тәжірибемен бөлісу арқылы біз әріптестеріміздің де бәсекеге қабілетті болуына үлес қосамыз. Кен орнында қолданылатын КАППА бағдарламасын YU ұстаздарына үйретуге барымызды салып жатырмыз», – деді ҰҒЗӨЖЦ жұмысшылары.

Ізденістен жалықпайтын университет оқытушылары бір апта бойы ең алдымен бағдарламаны пайдалану ережелері мен тәсілдерін мұқият меңгерді. Оған қоса кен орнын аралап, ұңғымаларды гидродинамикалық зерттеу барысына қатысты. Ұстаздар мұнайшылардан алған мағлұматтары мен тәжірибесін студенттермен бөлісуге асық.
Айта кетейік, ҚБМ демеушілігімен YU-де екі бірдей оқу зертханасы ашылды. «Ұңғымаларды гидродинамикалық зерттеу» зертхансында әр білім алушыға «КАППА Сапфир» бағдарламасы қолжетімді. Екіжақты тәжірибе аламасу нәтижесі болашақ мұнайшылардың сапалы білім алуына оң әсер ететіні анық.

87
13 марта 14:53
К празднику Наурыз Нацперевозчик дополнительно предоставит 2177 мест в пригородных поездах
139
11 марта 17:40
Будущее энергетики Казахстана: технология чистого угля, ВИЭ и новые проекты
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
126
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету