Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ-да жұмысшылардың білімі мен тәжірибесін сынға салып, ең мықтыларды анықтайтын «Үздік маман-2024» кәсіби шеберлік байқауы басталды. Сайыс мұнайшылардың тәжірибе алмасып, шеберлігін арттыратын және еңбек ұжымын үздік нәтижелерге жетуге ынталандыратын бірегей жоба. Байқаудың ашылу салтанатында Өндірістік басқарма басшылығы І вахта мұнайшыларын сайыстың басталуымен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Үздік маман – бұл нағыз мықтылардың тартысы. Жыл сайын ішкі іріктеуде үздік атанғандар өзге мұнай компанияларының мықтыларымен жарысып, жарқын жетістіктерге жетіп жүр. Биыл да сайыс бәсекеге толы болатынына сенімдіміз. Тәлімгерлер үмітін ақтап, шын мықтылар жеңіске жетуіне тілектеспіз», – деді ӨБ директоры Ғ. Сәдуақасов.
Биыл байқауға екі ауысым бойынша жалпы саны 400-ге жуық қаражанбастық қатысуға өтініш білдірген. Олар 22 аталым бойынша алдымен теориялық тест тапсырып, кейін практикалық тапсырма кезінде шеберлігін паш етеді. І вахта жұмысшылары өз мамандығына және өндірістік, экологиялық қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша тест тапсырмаларына кірісті. Ереже бойынша бір қатысушыға 20 минут беріледі. Осы уақыт ішінде үміткер 20 сұраққа жауап беруі тиіс. Ұпай саны неғұрлым көп болса, соғұрлым жеңіске жету мүмкіндігі жоғары.

«Сайыс болған соң ең алдымен қобалжу сезімі басым болады. Ал сұрақтар өз жұмысымызға қатысты болғандықтан аса қиын емес. Ең бастысы эмоцияға ерік бермей, білетін нәрсені тез әрі дұрыс белгілеу қажет. Жақсы нәтижеге жететініме сенемін. Әріптестеріме сәттілік тілеймін!», – дейді №3 мұнай өндіру цехының операторы Рахат Бекесов.
«Үздік маманның» теория кезеңі ІІ вахта жұмысшыларына да өткізіледі. Бұдан соң ортақ нәтиже шығарылып, жүзден жүйрік шыққандар тәжірибе кезеңіне жолдама алады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
130
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»