Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қаржы министрлігі мен «Қазақстан Темір Жолы» компаниясы Қорғас АЭА-да СЭҚ қатысушыларымен кездесу өткізді.
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев «KTZE-Khorgos Gateway» құрлық портының, «Нұр жолы» және «Алтынкөл» өткізу пункттерінің жұмысын тексерді.
Жұмыс сапары барысында сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларымен кездесу өткізіліп, онда қазақстандық-қытайлық шекарадағы бизнес жүргізудің ашықтығын арттыру мәселелері талқыланды.
Сапар қорытындысы бойынша Достық және Алтынкөл шекара маңыдағы теміржол станцияларының басшылары өз қызметтерінен босатылды.
Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кедендік шекарада кешенді тексеру жүргізуді және тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырған болатын.