Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
KEGOC-та Компания басшылығы мен өңірлік филиалдары директорларының қатысуымен қорытынды кеңес өтті. Кездесу барысында 2025 жылғы қызмет нәтижелері қорытындыланып, 2026 жылға негізгі басымдықтар айқындалды.
Жыл қорытындысы бойынша елдің электр энергетикалық жүйесі тұрақты өсім көрсетті. Электр энергиясын тұтыну 3,8%-ға артып, 124,6 млрд кВт/сағ құрады. Ал электр энергиясын өндіру көлемі 4,4%-ға өсіп, 123,1 млрд кВт/сағатқа жетті. Тұтынудың ең жоғары деңгейі 18 желтоқсанда тіркеліп, 17 724 МВт-қа жетті. Компанияның таза пайдасы рекордтық 70,8 млрд теңгені құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 19%-ға жоғары.
2025 жылы жасанды интеллект жобаларын енгізу жөніндегі Жол картасы бекітілді. Процестерді цифрландыру деңгейі 52%-ға жетті, ал 2032 жылға дейін автоматтандыру деңгейін 90%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Компания тұрақты даму саласындағы бастамаларды да жалғастырды: ESG рейтингі 62 баллға дейін өсіп, әлеуметтік тұрақтылық деңгейі 88%-ды құрады.
2026 жылы қызметтің басым бағыттары ретінде Ұлттық электр торабын дамыту, өндірістік қауіпсіздікті күшейту, инвестициялық жобаларды іске асыру, күзгі-қысқы кезеңге дайындық, жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді енгізу және Қазақстан Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің сенімді жұмысын қамтамасыз ету айқындалды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
232
27 февраля 14:51
Железнодорожник и ветеран ВОВ Василий Григораш отметил свое 100-летие