Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Қаныш Молдабаев Қазақстанның Батыс өңіріндегі электр желілік нысандардың құрылысы барысымен танысты.
Атырау қаласындағы іс-сапар барысында қайта жөндеуден өткен «Индер» қосалқы станциясын және жаңадан салынып жатқан «Қарабатан» тарату қосалқы станциясы аралады. Аталған нысандар «KEGOC» АҚ-ның «Қазақстан БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту. Электр желілік объектілерді салу» жобасының шеңберінде жүзеге асырылуда. Жалпы құны 54,138 млрд. теңгені құрайтын жоба компанияның меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылуда.
Жоба қолданыстағы қосалқы станцияларға және жаңадан салынып жатқан «Қарабатан» тарату қосалқы станциясы қосатын ұзындығы 779,7 шақырым болатын 220 киловольт «Орал – Правобережная – Индер – Қарабатан – Құлсары – Теңіз» транзитінің екінші тізбегінің электр желілік нысандарын салуды көздейді.
Қазіргі уақытта 220 кВ «Орал – Правобережная – Индер – Қарабатан – Құлсары – Теңіз» ӘЖ барлық бес учаскесінде және 220 кВ «Орал», «Правобережная», «Құлсары», «Индер», «Теңіз» бес қосалқы станциясында, сондай – ақ «Қарабатан» тарату қосалқы станциясы құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Тіректерді орнату бойынша жұмыстар 71,5%-ға орындалды, желілердің жалпы ұзындығының 42,9% көлеміндегі сым тартылды.
Жұмыстар ағымдағы 2023 жылы аяқталуы тиіс. Жобаны іске асыру республиканың батыс облыстары арасында 220 киловольт электр желілерін күшейту есебінен қолданыстағы транзиттің өткізу қабілетін және Қазақстанның БЭЖ Батыс аймағының тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жобаның әлеуметтік маңызына тоқталатын болсақ, құрылыс жұмыстарына 205 жұмыскер қатыстырылуда, ал пайдалануға берілгеннен кейін 23 адам тұрақты жұмысқа орналастырылады. Сонымен қатар, құрылыс кезінде отандық өндірістің материалдары мен жабдықтары кеңінен пайдаланылуда.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
131
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»