Главная Новости KEGOC деректерді жинау және жедел бақылау жүйесін жаңғыртуға кірісті
18 сәуір 2023, 10:58 1179

KEGOC деректерді жинау және жедел бақылау жүйесін жаңғыртуға кірісті

KEGOC деректерді жинау және жедел бақылау жүйесін жаңғыртуға кірісті

«KEGOC» АҚ диспетчерлік аппараттық-бағдарламалық кешен – деректерді жинау және жедел бақылау автоматты жүйесін (SCADA/EMS) жаңғырту бойынша жаңа жобаны іске асыруды бастады.

Жоба аясында қолданыстағы технологиялық жүйе отандық FACEPLATE бағдарламалық платформасына ауыстырылады. Бұл отандық мамандар әзірлеген жаңа платформа. Жоба KEGOC меншікті қаражатына іске асырылуда, оны аяқтау мерзімі 2025 жылға жоспарланған.

«KEGOC» АҚ «Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы» филиалының директоры Ералы Шынасыловтың айтуы бойынша, аталмыш жаңғырту Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесін диспетчерлік басқару тиімділігін және электр энергиясы нарығы субъектілерін бақылауды арттыруға бағытталған.

«Қазіргі уақытта KEGOC-тағы SCADA/EMS жұмыс істейтін аппараттық платформасы өз ресурсын әзірледі. Сондықтан келешектегі міндеттерді шешу және компанияның қазіргі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, оның ішінде ЖЭК-те генерацияны кеңінен дамыту, теңгерімдеуші нарықты енгізу, технологиялық жүйелер мен «ақылды» желілердің элементтерін енгізу үшін компания SCADA/EMS аппараттық-бағдарламалық кешенін жаңғыртуда», – деп атап өтті ол.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: