Главная Новости KEGOC электр желілерін күзгі-қысқы кезеңге дайындауды бастады
13 маусым 2022, 11:36 1286

KEGOC электр желілерін күзгі-қысқы кезеңге дайындауды бастады

KEGOC электр желілерін күзгі-қысқы кезеңге дайындауды бастады

Биылғы сәуірде КЕGОС АҚ-да электр желілік объектілерді 2022-2023 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне дайындау бойынша жөндеу науқаны басталды. Табысты дайындық үшін ең алдымен, компанияның әуе желілерінде және электр қосалқы станцияларында жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.

2022 жылы 94 электр беру желісін және 37 бірлік қосалқы станция жабдықтарын жөндеу, сондай-ақ ғимараттарды, құрылыстар мен автотехниканы жөндеу жоспарланған. Қазіргі уақытта электр берудің әуе желілері мен қосалқы станциялардың жабдықтарындағы жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Бұдан басқа, авариялық жағдайлар туындаған жағдайда материалдардың, қосалқы бөлшектердің, конструкциялардың және жанар-жағармай материалдарының авариялық қоры толықтырылуда. Желілік бригадалар мамандандырылған техникамен, барлық қажетті құрылғылармен және арнайы киіммен қамтамасыз етілген.

Аталған жұмыстар Қазақстанның Ұлттық электр желісінің сенімді жұмыс істеуі және жүктемелердің күзгі-қысқы максимумынан табысты өтуі үшін қажет. Электр желілік объектілерді дайындау жөніндегі жұмыстар бекітілген мерзімде және толық көлемде аяқталатын болады. Жұмыстар аяқталғаннан кейін барлық есептік құжаттар күзгі-қысқы кезеңге өтуге әзірлік паспортын алу үшін энергетика министрлігіне берілетін болады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: