Главная Новости KEGOC және Siemens Energy өкілдері ынтымақтастық перспективаларын талқылады
17 қыркүйек 2024, 09:30 222

KEGOC және Siemens Energy өкілдері ынтымақтастық перспективаларын талқылады

KEGOC және Siemens Energy өкілдері ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Германия Федералдық канцлері Олаф Шольцтің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары барысында өткен Қазақстан-Германия бизнес-форумы аясында KEGOC және Siemens Energy өкілдері энергетика саласындағы ынтымақтастық перспективаларына арналған кездесу өткізді.

Энергетика секторын цифрландыру тақырыбы талқылаудың негізгі өзегіне айналды. Тараптар Қазақстанның энергетикалық жүйесінің тиімділігі мен сенімділігін арттыру мақсатында Smart Grid технологияларын және цифрлық қосалқы станцияларды енгізу мүмкіндігін қарастырды.

Осы ынтымақтастық шеңберінде Siemens Energy озық технологияларын зерделеу мақсатында тәжірибе алмасу бағдарламасы ұсынылды. Бұл энергия желілерін автоматтандыру және мониторингтеу мен басқарудың интеллектуалды жүйелерін құру үшін шешімдерді әзірлеуге ықпал етеді.

Кездесу нәтижесінде Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл энергетикалық инфрақұрылымды цифрландыру, электр энергиясын жеткізу технологияларын дамыту және жаңартылатын энергия көздерін желіге біріктіру сияқты салаларда бірлесіп жұмыс істеу үшін негіз болады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: