Главная Новости KEGOC KASE алаңында Эмитент күнін өткізді
20 маусым 2022, 09:00 1076

KEGOC KASE алаңында Эмитент күнін өткізді

KEGOC KASE алаңында Эмитент күнін өткізді

«KEGOC» АҚ эмитент күнін гибридті форматта (онлайн-оффлайн) өткізді, оның барысында инвесторлар, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және БАҚ өкілдері компания қызметінің нәтижелерімен, стратегиялық көрсеткіштердің орындалуымен, 2021 жылғы инвестициялық жобалардың іске асырылуымен танысты.

Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директор Айгүл Әкімбаева «KEGOC» АҚ жүйелік оператор ретінде Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесін басқару және елдің тұтынушыларын электрмен сенімді жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша сапалы жұмысты жүзеге асыратынын атап өтті.

Соңғы үш жылда өндірістік те, қаржылық та көрсеткіштердің өсуі байқалады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясын жеткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі 54,65 млрд кВтс құрады, бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 18,4%-ға артық. 2021 жылдың қорытындысы бойынша таза кіріс 52,6 млрд.теңгені құрады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша таза кіріс 52,6 млрд теңгені құрады.

2014 жылы IPO-ға шыққан сәттен бастап компания жалпы сомасы шамамен 188 млрд теңге дивидендтер төледі, оның ішінде 2021 жылдың қорытындысы бойынша 35,2 млрд теңге, бұл бір акцияға есептегенде 135,6 теңгені құрайды. Дивидендтердің қорытынды төлемдерінің мөлшері 2014 жылғы 8,6 млрд теңгеден 2020 жылы 39,5 млрд теңгеге дейін немесе 4,6 есеге көбейді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: