Главная Новости KEGOC Қазақстанның оңтүстігінде негізгі қосалқы станцияларды күшейтті
06 февраля 2026, 11:35 41

KEGOC Қазақстанның оңтүстігінде негізгі қосалқы станцияларды күшейтті

KEGOC Қазақстанның оңтүстігінде негізгі қосалқы станцияларды күшейтті

Бұл іс-шаралар Шымкент қаласын, Жамбыл және Жетісу облыстарын электрмен жабдықтау сенімділігін арттырып, жаңа тұтынушыларды желіге қосу үшін қуат қорын қалыптастырды. Аталған өңірлерде трансформаторлық қуаттарға түсетін жүктеме басқа өңірлерге қарағанда қарқынды өсуде.

Былтыр 220 кВ «Састөбе» және «Сарыөзек» қосалқы станциялары жаңартылды. Атап айтқанда, «Састөбеде» трансформаторлар ауыстырылып, шамадан тыс жүктеме түскен тораптардың жұмысы жеңілдетілді, ал «Сарыөзектің» қуаты екі есеге ұлғайды.

Осылайша энергия тапшылығы жойылып, болашаққа арналған резерв құрылды. Бұл жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп, магистральдық электр желілерінің жоғары дайындығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ өңірлердегі энергия тұтынудың артуына байланысты тұрақты шешім қалыптастыруға бағытталған.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: