Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«KEGOC» АҚ басшылығы әлемдегі ірі энергетикалық корпорациялардың бірі - China Energy компаниясының өкілдерімен кездесті. Қытай делегациясын China Energy Engineering Group Co., Ltd компаниясының жаһандық бизнес бойынша президенті Сюй Лу мырза бастап келді. Бұл сапар Астанада өтіп жатқан Power Central Asia + China халықаралық энергетикалық форумы аясында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында тараптар стратегиялық әріптестік мүмкіндіктерін талқылады. China Energy өкілдері ірі инфрақұрылымдық жобаларды, соның ішінде электр энергиясын жеткізудің озық технологиялары саласындағы жобаларды іске асыру тәжірибесімен бөлісті. Өз кезегінде KEGOC ұлттық электр торабы инфрақұрылымын дамыту жоспарларын, соның ішінде Біртұтас электр энергетикалық жүйені генерация көлемінің қарқынды өсуі мен жаңартылатын энергия көздерін интеграциялауға дайындау бойынша жоспарларын ұсынды.
KEGOC басшысы Нәби Айтжанов Қытай Қазақстан үшін энергетика саласындағы негізгі стратегиялық серіктестердің бірі екенін атап өтті. Energy China сияқты технологиялық жағынан мықты компаниялармен күш біріктіру инфрақұрылымды жаңғыртуға және бүкіл өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашатынына тоқталды.
Тараптар кездесу қорытындысында тәжірибе алмасу мен өзара тиімді ынтымақтастықты нақты қадамдар арқылы жалғастыруға ниет білдірді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
66
10 декабря 11:56
Білікті маман Дастан Жүнісұлының еңбек жолы