Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Мемлекеттік тілдің мекемедегі нақты орны, ең алдымен, күнделікті жұмыс үдерісінен көрінеді: қызметтік хаттардың қай тілде жазылатыны, мамандардың жиындарда қай тілде пікір білдіретіні және құжаттардың бастапқыда қазақ тілінде әзірленуі – соның айқын көрсеткіші. Осы тұрғыдан алғанда, KEGOC компаниясында мемлекеттік тілдегі құжат айналымы үлесінің 98 пайыздан асуы – маңызды көрсеткіш.
Сонымен қатар қазақ тілінің жұмыс кездесулерінде, аппараттық кеңестерде және корпоративтік іс-шараларда қолданылу аясы кеңейіп келеді. Бұл – компанияда мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесі.
Бүгінде компанияда тіл саясатына қатысты бизнес-процестер цифрландырылған. Соның нәтижесінде әр бөлім өз көрсеткіштерін алдыңғы кезеңмен салыстырып, қай бағытта ілгерілеу барын және қай тұста жұмысты күшейту қажет екенін көре алады.
Осы жетістіктер мен алдағы міндеттер «KEGOC» АҚ-да өткен «Тіл тағдыры – болашаққа аманат» іс-шарасында талқыланды. Жиынды ашқан компанияның басқарма төрағасы Нәби Айтжанов қатысушыларды Қазақстан халқы тілдері күнімен құттықтап, ұлттық компанияда мемлекеттік тілді қолданудың маңызына тоқталды.
Қазақстан халқы тілдері күнінің Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен сабақтастырылуының өзіндік мәні бар. Ұлт ұстазы қазақ тіл білімінің негізін қалап, саналы ғұмырын оқу-ағарту ісіне арнады. Бүгінде сол мұраны білім мен ғылымда ғана емес, бизнес пен өндірісте де жалғастыру міндеті тұр. Нәби Айтжанов ұлттық компаниялар бұл үдерістен тыс қалмауға тиіс екенін атап өтті.
Толығырақ: qaz365.kz
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
248
14 сентября 15:20
Когда железная дорога становится частью жизни: история Тусупа Тлеулесова