Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов China Southern Power Grid Co., Ltd. (CSG) энергетикалық корпорациясының Директорлар кеңесінің төрағасы Цянь Чаоян бастаған делегациясымен кездесті.
Кездесу барысында тараптар электр желілік инфрақұрылымды дамыту, энергия жүйесінің сенімділігі мен тұрақтылығын арттыру, жаңартылатын энергия көздерін интеграциялау және электр энергиясын жинақтау жүйелерін қолдану салаларындағы одан әрі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Тұрақты ток электр жеткізу желісін (HVDC) салу жобасы аясындағы ынтымақтастыққа, Smart Grid технологияларын енгізуге, энергия жүйесін басқаруда ЖИ қолдануға, сондай-ақ жабдықтардың жай-күйін интеллектуалды бақылау мен диагностикалауға ерекше назар аударылды.
Тараптар техникалық сапарлар, тағылымдамалар, оқыту бағдарламалары мен сараптамалық консультациялар ұйымдастыру арқылы тәжірибе алмасуды кеңейту мүмкіндіктерін қарастырды.
Компаниялар арасындағы ынтымақтастық озық технологиялық шешімдерді енгізуге және Қазақстан энергия жүйесін басқару тиімділігін арттыруға бағытталған.
China Southern Power Grid – Қытайдағы ең ірі екі мемлекеттік энергетикалық корпорацияның бірі. Компанияның ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және электр энергетикасы саласына инновациялық технологияларды енгізу бойынша мол тәжірибесі бар.
307
25 ноября 15:43
«Строить, и еще раз строить»: На газификацию шести районов области Жетісу направлено 37,4 млрд теңге