Главная Новости KEGOC, Самұрық-Энерго өкілдері су-энергетика мәселелерін талқылауға қатысты
15 қазан 2024, 16:33 563

KEGOC, Самұрық-Энерго өкілдері су-энергетика мәселелерін талқылауға қатысты

KEGOC, Самұрық-Энерго өкілдері су-энергетика мәселелерін талқылауға қатысты

Өзбекстанның Энергетика министрлігінде Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның су-энергетика ведомстволары басшыларының жұмыс кездесуі өтті.

Қазақстан тарапынан кездесуге Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, Қазақстан Республикасының Су шаруашылығы және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, сондай-ақ ЖЭК қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы, «KEGOC», «Самұрық-Энерго» компанияларының өкілдері қатысты.

Кездесудің басты назары күзгі-қысқы кезеңде су-энергетикалық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелеріне арналды. Қатысушылар желілердің жұмыс кестелерін келісе отырып, жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етудің одан арғы шараларын талқылады.

Сонымен қатар, Қамбар ата ГЭС-1 құрылысын салу барысы және су-энергетикалық теңгерімді келісу мәселелері бойынша негізгі бірлескен жобалар талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тиісті хаттамаға қол қойды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: