Главная Новости KEGOC Су шаруашылығы және энергетика ведомстволары басшыларының кездесуіне қатысты
02 шілде 2024, 14:01 135

KEGOC Су шаруашылығы және энергетика ведомстволары басшыларының кездесуіне қатысты

KEGOC Су шаруашылығы және энергетика ведомстволары басшыларының кездесуіне қатысты

Шолпан ата қаласында (Қырғыз Республикасы) Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы және Әзірбайжан Республикасы Су шаруашылығы және энергетика ведомстволары басшыларының су-энергетикалық ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесуі өтті.

Талқылауға «KEGOC» АҚ, «Энергия» үйлестіру диспетчерлік орталығының, «Интер РАО» ЖАҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында өңір елдері арасындағы су-энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне баса назар аударылды. Кеңес барысында «KEGOC»АҚ Басқарма Төрағасы Нәби Айтжанов Қырғыз Республикасына электр энергиясын жеткізу/транзит бойынша қабылданған міндеттемелердің толық орындалғаны туралы хабарлады.

Сондай-ақ, кездесуде Камбаратин СЭС-1 құрылысы жобасын іске асыру бойынша бұрын әзірленген «Жол картасын» іске асыру мәселелері талқыланды.

Кездесу қатысушылары мәселелердің сәтті талқыланғанын атап өтіп, су-энергетика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: