Главная Новости «Келешек мектептері»: апатты ғимараттар мен үш ауысымды жүйенің шешімі
10 февраля 2026, 21:53 59

«Келешек мектептері»: апатты ғимараттар мен үш ауысымды жүйенің шешімі

«Келешек мектептері»: апатты ғимараттар мен үш ауысымды жүйенің шешімі

Қазақстанда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 217 жаңа мектеп ашылуда. Оның 208-і «Самұрық-Қазына» қоры арқылы бірыңғай оператор — «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқаруымен мақсатты құрылыс жүйесі бойынша жүзеге асырылды.

208 нысанның барлығында құрылыс-жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Ел бойынша оқушылар үшін 217 300 жаңа орын ашылды. Мектептердің 60%-ы қалаларда, 40%-ы ауылдық жерлерде орналасқан. Жаңа нысандардың арқасында 7 апатты білім ордасы мен үш ауысымды 49 мектеп жойылып, 141 оқу ғимаратындағы орын тапшылығы мәселесі шешілді.

Жоба барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларды қамтыды. Жалпы бюджеті - 1,423 трлн теңге. Құрылыс барысында негізінен отандық материалдар қолданылып, жергілікті қамту үлесі (құрылыс-жөндеу жұмыстарын есептемегенде) 78%-ға жетті.

Жоба ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша оқушы орындары тапшылығы, апатты мектептер және үш ауысымды оқу жүйесі сияқты мектеп инфрақұрылымы мәселелерін жою мақсатында іске асырылуда.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: