Главная Новости Келіссөзді сәтті жүргізу де – өнер
20 қыркүйек 2022, 09:20 755

Келіссөзді сәтті жүргізу де – өнер

Келіссөзді сәтті жүргізу де – өнер

«Қаражанбасмұнай» АҚ мұнайшылары даулардың алдын алу, шешу және басқару дағдыларын нығайтуды жалғастырып жатыр. Оқыту барысында өндірістік бөлімшелер жұмысшылары мен орталық кеңсе қызметкерлері нәтижесіз даулардан аулақ болып, келіспеушілік туындаған жағдайда оларды өз пайдасына шешу механизмдерін меңгерді.

Келіссөз – кез-келген бизнес түрінде мақсатқа жетудің маңызды құралы. Бірақ оларды да кез-келген басқа құрал сияқты дұрыс пайдалана білу керек. Танымал бизнес-тренер, жаттықтырушы Ирина Виговская даулардың себептері мен оларды тиімді шешу стратегияларын атап өтті.

Одан соң қатысушыларға ойын түріндегі тапсырмалар берілді. Бұл арқылы мұнайшылар қарапайым мысалдармен мәселені үлкен дауға ұластырмау құпияларын үйренді. Сонымен қатар, мұндай жағдайлардың алдын алудың барлық негізгі әдістері талқыланды. Мұнайшылар оқудан мол мағлұмат алып, әсерлерімен бөлісті.

«Біз дауларды анықтаудан бастап, оны басқару стратегиясын жүзеге асыруға дейінгі барлық кезеңдерімен таныстық. ҚБМ-ның заманға сай қадам жасап, жұмысшылар үшін түрлі оқыту шараларын жүргізіп жатқаны қуантады», – деп атап өтті қызметкерлер.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: