Главная Новости Кен орындарын игеруші: «Қаражанбас қойнауы – қазынаға толы»
14 қыркүйек 2022, 13:00 752

Кен орындарын игеруші: «Қаражанбас қойнауы – қазынаға толы»

Кен орындарын игеруші: «Қаражанбас қойнауы – қазынаға толы»

Қаражанбас өндіріс озаттарының еселі еңбегі мен зор үлесі арқасында қарыштап дамып келеді. Аға буын мұнайшылар кез келген қиындықты еңсере жүріп, мұнайлы түбекті игеріп, кен орнын жандандырып, инфрақұрылымды дамытты. Әсіресе, жер қойнауын жетік меңгерген геологтардың еңбегі ұшан-теңіз. Олардың сарқылмас күш-жігері арқасында Маңғыстаудың экономикалық және өнеркәсіптік дамуының сенімді негізіне айналған бірегей кен орны зерттелді.

Қаражанбастың бай ресурстық базасын қалыптастыру мен дамыту, жаңа белестерді бағындыру жолында аянбай еңбек етіп келе жатқандардың бірі – игеру бөлімінің басшысы Владимир Турков. Сауатты басшының қатаң бақылауы арқасында жаңа аумақтар зерттеліп, терең барлау мүмкіндігі молайды.

Мұнайшы-геологтың отбасында дүниеге келгендіктен, оның жер қойнауы, тау жыныстары мен терең қазыналар әлеміне қызығуы заңды. Институтты бітіргеннен кейін «Гурьевнефтегазгеология» ӨБ-ның ұңғымаларды сынау бойынша Балықшы экспедициясында жұмыс істеп, Солтүстік Қотыртас, Үшмола және Кордуан кен орындарында ұңғымаларға гидродинамикалық зерттеулер жүргізді. Содан соң «Ақтөбенефтегазгеология» ӨБ ұңғымаларды сынау және бекіту жөніндегі экспедицияға ауыстырылды. Онда Кеңқияқ, Қожасай, Әлібек Мола, Синельниковская, Шығыс Ақжар, Қарауыл келді, Жаңатаң және тағы басқа кен орындарында шеберлігін шыңдады.

«Гидродинамикалық зерттеулерден бөлек мен карбонатты шөгінділерде тұз-қышқылдарға өңдеу жүргізу әдістемесін әзірлеумен айналыстым. Сондай-ақ колоннада және ашық оқпанда ұңғымаларды сынау кезінде технологиялық операцияларды жүргіздім. Қазақстанда алғаш болып «Қабаттағы бірқалыпты депрессия» авторлық әдістемесі бойынша 5600-6200 метр тереңдіктегі аса жоғары қабатты қысымдары бар ұңғымаларда горизонттарды сынақтан өткіздім», – деп өз естеліктерімен бөліседі әріптесіміз.

Владимир Турков өз шыңдалған кәсіби қызметін 1997 жылы «Қаражанбасмұнай»  компаниясында жалғастырды.

«Елестету қиын, бірақ 25 жылдан астам уақыт бойы Қаражанбас менің отбасымдай болып кетті. Осы уақыт ішінде біз ұжыммен бірге өндірістегі әртүрлі жағдайлардан тиімді жол тауып шыға білдік», – дейді ол.

Ширек ғасыр ішінде ол үзеңгілес геологтармен бірге тереңге бойлап, алдағы ондаған жылдарға жететін берік және бай негіз қалыптастырды. Өз ісіне адал мамандар арқасында бүгінде 59 миллион тонна қара алтын өндірілген Қаражанбастың бағындырар белесі әлі алда.

«Өмірімнің қандай оқиғалармен есте қалғанын кесіп айту қиын. Бәрі бірдей жадымызда жаттала бермейді ғой. Барлығын тізіп шықсақ, кітап жазуға жетеді десем артық айтпаған болармын. Біріншіден, мәліметтер базасында мұнай өндіру және 25 жыл бойы бұл жұмыс істеп тұрған 4468 ұңғыма туралы ақпарат жинақталған ресурстық мәліметтер базасы дайындалды. Компания ұжымымен бірге кен орнында жұмыс істей отырып, тәуліктік мұнай өндірудің рекордтық көрсеткішіне қол жеткізу үшін көп күш жұмсадық», – деп, кейіпкеріміз сөзін қорытындылады.

Жер қойнауын барлау үздігі компанияның қоғамдық өмірінде де белсенді. Жас әріптестеріне батылдығымен, қайсарлығымен үлгі ол, ҚБМ ардагерлері футбол құрамасында шабуылшы болып ойнайды. Жақында 60 жылдық мерейтойын атап өтетін Владимир Турковтың есімі ҚБМ тарихында талай тереңдікті бағындырып, компанияның қарыштап дамуына ерекше үлес қосқан маман ретінде алтын әріппен таңбаланады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: