Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Атырау облысына жұмыс сапары барысында Қашаған кен орнында болды. ҚМГ басшысы «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау зауытының технологиялық нысандарын аралап, өндірісте еңбек ететін қызметкерлермен кездесті.
North Caspian Operating Company (NCOC – кен орны бойынша оператор) компанияның басшылығы мен инженерлік құрамының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Өндірістік қызмет мәселелері, Қашағанды одан әрі игеру жоспарлары, жобалардағы жергілікті қамтуды ұлғайту және NCOC-да қазақстандық кадрлардың үлесін арттыру перспективалары талқыланды.
ҚМГ басшысы қуаты жылына 1 млрд текше метр газды құрайтын газ өңдеу зауытының (ГӨЗ) құрылысын қоса алғанда, Қашағандағы кеңейту жобаларын уақтылы іске асырудың маңызын атап өтті. Бүгінгі таңда бұл жоба үшін шикі газға арналған құбыр салу жұмыстарының 90% орындалды. Сондай-ақ Қашағанда жылына 2,5 млрд текше метр газ өңдеуге қауқарлы екінші ГӨЗ салуды жеделдету мәселесі талқыланды.

Жергілікті қамтуды дамытуға ерекше назар аударылды. 2024 жылдың III тоқсанында NCOC сатып алуларындағы қазақстандық тауарлар мен қызметтердің үлесі 62%-ды ($453 млн) құрады, бұл көрсеткіш жылдық жоспардан 59%-дан артық.
Сонымен қатар, отандық кадрлардың үлесін арттыру мәселесі талқылады. Қазіргі кезде NCOC қызметкерлерінің 96%-ы – Қазақстан азаматтары. Компанияның басшы құрамындағы позициялардың 45%-ы ҚМГ-ның қызметкерлеріне тиесілі, бұл басқарушылық тәжірибе алмасуға және жергілікті мамандардың біліктілігін арттыруға ықпал етеді.

2024 жылдың қорытындысына сай кен орнында мұнай өндіру көлемі 17,4 млн тоннаны құрады, жоспар бойынша 16,9 млн тонна.
«Солтүстік Каспий жобасы ел экономикасына елеулі үлес қосуда. Жергілікті қамтуды дамытуға және жоғары білікті отандық кадрларды даярлауға ерекше назар аудара отырып, Солтүстік Каспий жобасын толық игеруде нақты қадамдар жасау біз үшін маңызды. Бірлескен күш-жігердің арқасында межелі міндеттерге қол жеткізіп, Қазақстанның мұнай-газ саласының тұрақты дамуына мол үлес қосатынымызға сенімдімін», – деді Асхат Хасенов.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
22
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы
178
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде