Главная Новости Кенжегүл Ахметжанқызы: «Тәуелсіздікпен бірге қазағым да оралғандай...»
04 қазан 2021, 11:00 444

Кенжегүл Ахметжанқызы: «Тәуелсіздікпен бірге қазағым да оралғандай...»

Кенжегүл Ахметжанқызы: «Тәуелсіздікпен бірге қазағым да оралғандай...»

«Самұрық-Энерго» АҚ «Өндірістік тиімділік» департаментінің бас маманы Кенжегүл Ахметжанқызының энергетика саласында еңбек етіп жүргеніне биыл 30 жыл болды.

Ол 1991 жылы Алматы энергетика институтын бітіріп, жүрегі қалаған мамандықтың иесі атанады. Жалпы аталған салаға қадам басуына әпкесі – тәжірибелі энергетик Лия Күнтуарқызы Сулейменова себепкер болған екен. Кенжегүл Аметжанқызы сол кезеңдерді былай еске алды:

«Еліміз егемендікке қол жеткізген сәттен бастап Қазақстанның энергетика саласы энергетикалық тәуелсіздікке бағыт алды.  Жаңа қуат көздері салына бастады, қолданыстағы өндіріс көздері күшейтіліп, Солтүстік-Оңтүстік, Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік әуе желілері салынды. Себебі солтүстік аймақта электр энергиясы артығымен өндірілетін. Содан кейін экологиялық жағынан маңызы зор, таза қуат көздерін пайдалануға бет бұрдық. Жалпы, сол кездегі энергетика саласының мықты мамандары бірігіп, көптеген ауқымды жобаларды іске асырды. Сондай-ақ, қолда бар ресурстарды ұтымды пайдаланудың тәсілдері де қарастырылды. Осындай ел игілігі жолында жасалған істердің арқасында бүгінде, еліміздің әр шаңырағын жарықпен, жылумен толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндігіміз бар».

30 жылдық еңбек жолында Кенжегүл Ахметжанқызы Тиесов, Рамазанов, Жақыпова, Молдабаев, Түтебаев және өзге де көптеген тәжірибелі іскер энергетик-мамандардан үлкен тәлім алып, тәжірибе жинақтаған.

«Энергетика саласы бойынша нормативтік құжаттардың әзірленуіне ат салысып, Қазақстанда алғаш Мемлекеттік энергетикалық қадағалау ұйымының құрылуына үлесімді қостым.  Одан өзге энергия тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін талдаудың кезеңдік әдісін енгізу жұмыстарына ат салыстым. Әрдайым жас мамандарға кеңес беріп, қолдап отыруға тырысамын», – деді білікті маман.  

Еліміздің Тәуелсіздік алуы Кенжегүл Ахметжанқызының өміріне ерекше әсер еткен.

«Өз халқын, туған жерін сүйіп, құрметтейтін кез-келген қазақ үшін Тәуелсіздік – үлкен сый. Өйткені тәуелсіздікпен бірге қазағым да оралғандай... Ана тіліміз, дініміз басын көтеріп, ұлттық салт-дәстүріміз жанданды. Мемлекетіміздің рәміздері бекітілді. Ең бастысы – ана тілімізді дамыта бастадық. Соған шын жүректен қуанам. Тіліміз өте әдемі, және бай! Дана сүйер ел болайық, Ар ойлаған бай болайық. Ең бастысы – адам атымызға сай болайық!» – деп Кенжегүл Ахметжанқызы қуанышын ерекше жеткізді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: