Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрлігі табиғи монополияларды реттеу жөніндегі Комитет Департаментінің бұйрығына сәйкес «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС-нің («ҚазТрансОйл» АҚ 50% қатысуы және China National Oil and Gas Exploration and Development Corporation 50% қатысуы) «Кеңқияқ – Құмкөл» мұнай құбыры бойынша 2025-2029 жылдары Қазақстанның ішкі нарығына мұнай тасымалдауға арналған реттелетін қызметтерге тарифтер бекітілді.
2025 жылы тариф 1000 км-ге (ҚҚС-сыз) 1 тонна үшін 3 338,49 теңгені, 2026 жылы - 1000 км-ге (ҚҚС-сыз) 1 тонна үшін 3 390,48 теңгені, 2027 жылы - 1000 км-ге (ҚҚС-сыз) 1 тонна үшін 3 693,05 теңгені, 2028 жылы - 1000 км-ге (ҚҚС-сыз) 1 тонна үшін 4 202,89 теңгені, 2029 жылы - 1000 км-ге (ҚҚС-сыз) 1 тонна үшін 3 769,47 теңгені құрайды.
«Кеңқияқ – Құмкөл» магистральдық мұнай құбыры бойынша мұнай Павлодар мұнай-химия зауыты, Шымкент мұнай өңдеу зауыты, Амангелді газ өңдеу зауытына жеткізіледі.
«Кеңқияқ – Құмкөл» магистральдық мұнай құбыры «Қазақстан - Қытай» магистральдық мұнай құбырының бір бөлігі болып табылады және ол Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 мамырдағы мұнай-газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы Шекті келісімі аясында салынған. 2009 жылы пайдалануға берілген. Мұнай құбырының ұзындығы – 794,2 км. Мұнай құбырының жобалық қуаты жылына 10 млн тонна мұнайды құрайды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
49
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы