Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Фото: Александр Жабчук
Rail-news порталы пойызбен ұзақ сапарға шыққанда өзіңмен бірге қандай заттарды алу керектігі туралы кеңес береді. Мәселен, 2-3 сағаттық жолға адамдар шыдауы мүмкін, ал ұзақ сапарға бет алғандар жолда өзін жайлы сезініп әрі уақытын тиімді өткізуді қалайды.
Пойызбен жиі жүретіндер алдын ала жолға қажетті заттардың тізімін жасап, мұқият дайындалып шығады. Мұның барлығы жолда қолайсыз жағдайға тап болмай, сапарды жеңіл еңсеруге көмектеседі. Ал, пойызға бірінші рет отырған немесе сирек жүретін адамдар әбден жайғасқан соң «ана затымды ала саулым керек» еді деп өкініштерін білдіріп жатады. Сондықтан жолға қажетті маңызды деген заттардың тізімін жасауды жөн санадық.
Құжат
Үйден шықпас бұрын құжаттар мен ақшаңызды тексеріңіз. Пойыздың билетін, паспорт немесе жеке куәлігіңізді, баланың туу туралы куәлігін, балаға берілген сенімхатты бір тексеріп, қолға аздаған ақша алғаныңыз дұрыс.
Құжаттар мен бағалы заттарыңызды шағын сөмкеге салып алсаңыз тіптен жақсы, яғни олар үнемі өзіңізбен жүру керек. Қазір жолға өте ыңғайлы белге тағып алатын сөмкелердің түр-түрі бар.
Жолда өзіңізбен бірге ірі көлемде ақша алмағаныңыз дұрыс, ішіп-жеріңізге жетер алсаңыз жетеді. Қазір дүкендердің көбінде төлемді электронды түрде жасауға болады, бірақ жол бойындағы кейбір елдімекендерде байланыс нашар болғандықтан, интернет ұстамай қалып жатады.
Киім-кешек
Пойызға ауыстырып киетін киім алып алғаныңыз дұрыс. Бастысы ол ыңғайлы болсын.
Бұл жерде жыл мезгіліне байланысты, жазда вагон іші ыстық болғанда жеңіл киінген жөн. Ал қыста кейбір вагондар салқын болады, ол кезде өзіңмен бірге жылы киім алған дұрыс.
Гигиеналық заттар
Пойызда қолайсыз жағдайға тап болмас үшін өзіңізбен бірге гигиеналық құралдарды да алып жүргеніңіз дұрыс.
Сүлгіні төсек жаймаларымен бірге вагонда береді, десе де өзіңіздің бет орамалыңызды алып алсаңыз да болады.
Кішкентай баласымен жүргендер ұмытпай горшок алып алғаны дұрыс.
Дәрі-дәрмек
Жол болған соң небір жағдай болады, кейде су немесе тамақ жақпай қалып жатады. Кейбірінің басы немесе іші ауырып жатады. Соның барлығына дайын болу керек. Ол үшін мына дәрілерді салып алған жөн:
Жолға қандай тамақ алған жөн?
Пойыздың басты романтикасы – тамақтану және жаныңдағы жолаушылармен әңгіме-дүкен құру. Біздің адамдар үшін пойызда шай ішіп, тамақтанудың орны ерекше. Өйткені пойыз орнынан қозғала салысымен көпшілік ыдыстарын шығарып, шай ішуге ұмтылады. Бірер сәтте ет, қазы, доширак пен жұмыртқаның иісі вагонның ішін алады. Әдемілеп жайғасқан жолаушылар алдындағы шайдан ұрттап қойып, қызықты әңгімеге кірісіп кетеді.
Көпшілік пойыздағы мейрамхана тамағына жолай бермейді, жол-жөнекей тоқтаған станциядан азық алғанды ұнатады. Дегенмен, жол бойынан тамақ алғанда абай болу керек, әсіресе жазда. Күннің ыстығында тез бұзылатын еттен және балықтан жасалған тағамдарды алмауға тырысыңыз және олар сізге дейін біраз уақыт тұрып қалған болуы да мүмкін. Сондықтан ыстық күнде астан уланып қалмас үшін, жеңіл-желпі тамақ пен жеміс-жидек таңдаған дұрыс.
Уақытты тиімді өткізу
Пойызда іші пысып, уақытын өткізе алмай отырғандарға кітап жақсы көмектеседі. Ұзақ жолға шығып бара жатсаңыз қызықты кітап ала шығуды ұмытпаңыз. Қазір көпшілік телефонға телміреді, бірақ станциялардың арасында байланыс болмай қалатын ескерсек, уақытты тиімді өткізуде кітаптан артығы жоқ.
Сондай-ақ кішкентай баламен кетіп бара жатсаңыз ойыншық ала шығыңыз. Өйткені ұзақ жолға балалар шыдай бермейді, іштері пысып, мазаңызды алады.
Жолға дайындалғанда телефоныңыздың қуаттағышын ұмытпаңыз. Қазір көптеген вагонда розеткалар орнатылған. Егер жолда телефоныңыз сөнетін болса, жеткенше қобалжып, өзіңізді жайсыз сезінесіз. Сондықтан өзіңізге керекті ең басты нәрселерді ұмытпағаныңыз жөн.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
167
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете