Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Биылғы 26 қазанда бейнеконференция форматында қазақстандық-қытайлық шекарадағы жағдай бойынша кеңес өтті. Оған «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Қытай темір жолы», «Үрімші темір жолы» ЖШҚ және ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында қытайлық тарап ҚХР-дан ҚР-ға тоқтап тұрған импорттық контейнерлерді жөнелтуді жеделдету ниетін растады. Жүктердің жартысын ағымдағы жылы қазан айының соңына дейін жөнелтуді жоспарланып отыр.
Бұл жағдай ел басшылығының бақылауында. Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 21 қазанда ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Хань Чжэннің телефон арқылы сөйлесулері барысында Қазақстан мен Қытай арасында жүктерді қабылдау мен тапсыруды қайта бастау туралы уағдаластыққа қол жеткізілгендігін қаперге сала кетейік. Бұған дейін премьер-министр Асқар Маминнің ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянның атына ҚР-ҚХР автомобиль және теміржол өткізу пункттері арқылы жүктерді тасымалдаудың проблемалық мәселелерін реттеу жөніндегі хаты жолданған болатын.

22 қазаннан бастап ҚХР жүк қабылдауда тәулігіне 6-дан 8 пойызға дейін арттырса, негізінен көрші елге металл кендері, түсті металдар, кокс жөнелтілді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ осы мәселені шешу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Үрімші темір жолының басшылығы деңгейінде апта сайын кездесулер және шекара маңындағы станциялар бастықтары деңгейінде күнделікті кеңестер өткізіледі.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның негізгі міндеті ҚХР-ға пойыздарды тапсыруда күтуді болдырмау. Сондай-ақ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ өз құзыреті шегінде Қазақстанның импорттаушыларына жан-жақты жәрдемдесуде.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
97
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
105
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы